Мазмұнға өту
· 11 қаралым

Балаларға 62,7 миллион доллар

«Ұлттық қор – балаларға» жобасы басталғалы бері 18 жасқа дейінгі ұл-қыздарға 62 млн 700 мың доллар төленген. 2024 жылдың 1 ақпанынан елімізде Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50 пайызы әр балаға аударылады. Жинақталған қаражатты кәмелетке толған соң олар баспана алуға немесе оқу ақысын төлеуге жұмсай алады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мәліметі бойынша, екі жылдың ішінде аударылған 62 млн доллардың денін тұрғын үй алуға жаратқан. Ол 41 млн доллар. Қалған қаржыны білім алуға жұмсаған.

← Барлық жаңалықтар