Мазмұнға өту
· 8 қаралым

Саясаттанушылар Конституциялық сот қаулысына пікір білдірді

Конституциялық соттың лауазымды адамдарды тағайындау мен сайлауға қатысты түсіндірмесіне саясаттанушылар да өз пікірін білдірді. Олар бұл қаулы бір тұлғаға немесе Президентке ғана қатысы емес дейді. Яғни Конституциялық сот пен судьялар немесе Бас прокурор сынды қызмет иелері қайта тағайындала ма, жоқ па деген сұрақты да қамтиды. Әрі жаңа Ата Заңның күшіне енуіне байланысты жарияланған талдау келешекте кейбір саяси дағдарыстардың алдын алуға ықпал ететінін айтады.

АЙДОС САРЫМ, САЯСАТТАНУШЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ VIII ШАҚЫРЫЛЫМ ДЕПУТАТЫ:

Ең бастысы – мұндай шешімдер ішкі және сыртқы дүрдараздықты тоқтатады. Жалған идеяға ілініп, ертең біреулер шығып, көрші елдердегідей хат тасып жүргенше, осылай нақтылап, басын ашып алған дұрыс. Сонда ешқандай дау болмайды. Ішкі татулық болады. Бұл институционалдық шешім де отырғаны сол ғой. Яғни мәселе адамның атында емес. Мәселе осы институттардың дұрыс жұмыс жасап тұруында. Болашақта кез келген тағайындаудың легитимді болуы, заңды болуы, оның Конституцияға негізделуі бізге ауадай қажет екені анық.

Сондай-ақ сарапшылар Конституциялық соттың бұл шешімі бүгін немесе ертең қалайда Президент сайлауы болады дегенді білдірмейтінін атап өтті.

АЙДОС САРЫМ, САЯСАТТАНУШЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ VIII ШАҚЫРЫЛЫМ ДЕПУТАТЫ:

Конституцияда бүкіл тәртібі көрсетілген. Президенттің осыған дейін айтқан мәлімдемелері бар. Сондықтан 2029 жылға дейін бәріміз шыдауымыз керек. 2029 жылы Президент өзінің ұйғарымын айтады.

← Барлық жаңалықтар