Сенат пен Мәжіліске қатысты нормалар алынып тасталды. Бүгін Астанада жаңа Конституция аясында сайлау заңнамасындағы өзгерістер талқыланды. Соған сәйкес, бірнеше тармақ жаңарып, құжат Құрылтай ұғымымен толықтырылыпты. Сондай-ақ саяси партиялар мен кандидаттарға бөлінетін қаражатқа қатысты мәселелер де пысықталды. Олар енді науқан кезінде тек сайлау қорынан бөлінген ақшаны жұмсауға тиіс. Одан бөлек қаржы көздерін қолдануға рұқсат жоқ. Бұл дауыс беру процесі ашық өтуі үшін жасалған қадам екен.
СНЕЖАННА ИМАШЕВА, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ САРАПТАМА КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:
Жаңа Конституцияның жаңадан іске асқан нормалары 1 шілдеден бастап сайлау заңнамасын жетілдіруді талап етеді. Сондықтан ең бірінші сайлау заңнамасында Сенат пен Мәжіліске қатысты барлық нормалар алынып тасталды. Тағы бір нормамен толықты. Егер азамат, азаматша жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық жасаса, ол сотпен дәлелденсе, ол ТИК мүшесі бола алмайды.