Мазмұнға өту
· 13 қаралым

Грантқа түсу үшін қанша балл жинау керек?

Жоғары оқу орнына түсу үшін қанша балл жинау керек?

Ғылым және жоғары білім министрлігі қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізді.

Енді ұлттық университеттерде грантта оқу үшін кемі 65 балл еншілеу керек.

Ал педагогикалық ғылымдар бағыты бойынша — 75, денсаулық сақтау саласына — 70, ауыл шаруашылығы маманы болу үшін — 50, құқық саласына қадам басу үшін ҰБТ-дан кемі 75 балл алу керек.

Ал биыл алғаш рет ашылған университеттер мен жаңадан қосылған мамандықтарға 50 балл жинасаңыз жеткілікті.

Бір айта кетерлігі, бірінші қыркүйектен бастап талапкерлер кейбір жоғары оқу орнында оқу үшін қосымша емтиханнан өтуі тиіс.

Бұл талап білім ордаларының рейтингтік бағалау нәтижелеріне сәйкес белгіленеді.

← Барлық жаңалықтар