Мазмұнға өту
· 11 қаралым

Бурабайда не өртеніп жатыр?

Бурабайда емін-еркін демалып жатқан туристердің зәре-құты қашты. Тапа-тал түсте қонақ үй аумағын қызыл жалын шарпып, әп-сәтте айналаны қою қара түтін басты. Тілсіз жау тұтанған сәтте ғимарат ішінде қонақ үйдің бір қызметкері болған. Абырой болғанда, ол өз бетінше қауіпсіз жерге шығып үлгеріпті. Сөйтсек, өрт демалыс кешенінің іргесінде жеке орналасқан кір жуу ғимаратынан басталған. Әйтеуір құтқарушылар оқиға орнына дер кезінде жетіп, оттың жан-жаққа таралуының алдын алды. Ең бастысы, адамдар дін аман. Ал төтенше жағдайға электр жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптарының сақталмауы себеп болыпты.

← Барлық жаңалықтар