Мазмұнға өту
· 6 қаралым

Бүгін – су шаруашылығы қызметкерлері күні

Бүгін – су шаруашылығы қызметкерлерінің күні. Бұл салада қазір 29 мың адам еңбек етеді. Олардың тең жартысы халықты тіршілік нәрімен қамтамасыз ету жолында тер төксе, енді бірі тасқын кезінде қауіпсіздік үшін жарғақ құлағы жастыққа тимей жұмыс істейді. Егістік алқаптарын тұрақты суарып, мол өнім беруін қадағалайтын да – осы жандар. Қазіргі кезде су шаруашылығы қызметкерлерін қолдау күшейіп, оларға көтерме жалақы тағайындалған. Әрі «Наурыз жұмыскер» тұрғын үй бағдарламасына қатысуға мүмкіндік бар.

← Барлық жаңалықтар