Мазмұнға өту
· 4 қаралым

Нөсер жауын көпірді шайып кетті

Панфилов ауданындағы Бұрхан өзені арнасынан асып, жолдың бір бөлігін бұзды.

Жетісу облысында нөсер жаңбыр көпірді шайып кетті. Толассыз жауыннан соң Панфилов ауданындағы Бұрхан өзені арнасынан асып, асау мінез танытты. Ағын су «Жаркент — Талды» тас жолының бір бөлігін бұзып кеткен. Оқиға салдарынан қазір көлік қозғалысына шектеу қойылыпты. Жүргізушілер уақытша Әулиеағаш ауылы арқылы ұйымдастырылған балама бағытпен қатынап жатыр. Жауаптылар бүлінген учаскені қалпына келтіру жұмыстарын бастады.

← Барлық жаңалықтар