Үздіктердің үздігі!
Қазақстандық оқушылар әлемдік олимпиадада рекорд жаңартты.
Біздің саңлақтар физикадан Колумбияда өткен халықаралық сайыста топ жарып, алғаш рет бес бірдей алтынды қанжығаларына байлады.
Интеллектуалдық жарысқа 85 елден 381 оқушы қатысқан.
Жас физиктер біліммен қатар, талдау қабілетін және практикалық дайындықты талап ететін күрделі теориялық және эксперименттік есептерді шешкен.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, ұлттық құрама білім додасына үш жыл дайындалыпты.
60 жылға жуық өткізіліп келе жатқан халықаралық олимпиадаға еліміз 1997 жылдан бері қатысып келеді.
Былтыр Қазақстан намысын қорғаған дарынды да білімді шәкірттеріміз екі күміс және үш қола медаль жеңіп алған болатын.
Жанар Арғынова