Мазмұнға өту
· 11 қаралым

40 рет қан тапсырғандарға мемлекеттік награда беріледі

Елімізде адам өмірін арашалауға өлшеусіз үлес қосқан жандарға марапат беріледі.

Ол — «Құрметті донор» төсбелгісі.

Алайда бұл атақ қан тапсырғанның бәріне бұйыра бермейді.

Үкімет бекіткен қаулыға сәйкес, үміткер болудың нақты шарттары бар.

Талап бойынша азаматтар қан мен тромбоцитті 40 рет немесе қан плазмасын 70 рет өтеусіз тапсыруы тиіс.

Жаңа марапатқа алғаш болып белгіленген нормаларға толық сәйкес келетін 481 жан ие болады.

Осылайша өзге жандарға үміт сыйлағандардың еңбегі мемлекеттік деңгейде еленеді.

Айта кетейік, жаңа медальді «Қазақстан теңге сарайы» әзірлейді.

Қуат Құдайберген

← Барлық жаңалықтар