Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 63 қаралым

Зейнетақы жүйесіне өзгерістер енгізіледі

7 қыркүйектен бастап салымшылар зейнетақы жинағын жеке инвестициялық басқарушы компанияларға тапсыра алады.

Енді қазақстандықтар зейнетақы қорындағы қаражатты жеке инвестициялық басқарушы компанияларға сеніп тапсыра алады. Бұл өзгеріс 7 қыркүйектен бастап күшіне енеді. Демек, күзде салымшылар өздерінің есепшоттарында жатқан жинақты толығымен өзге компанияның басқаруына берсе болады. Бұған дейін міндетті жарналар есебінен жиналған қаражаттың тек 50 пайызын ғана аударуға рұқсат етілген-тұғын. Айта кету керек, бұл өзгеріс ақшаны қолма-қол шешіп алу дегенді білдірмейді. Яғни, жиналған сома бұрынғыдай Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында сақталады. Тек оны инвестициялайтын ұйымды салымшы өзі таңдайды.

← Барлық жаңалықтар