Мазмұнға өту
· 15 қаралым

Қатонқарағайға қауіп төнді

Қатонқарағай ұлттық паркінде 3 мың 700 гектар аумақты шарпыған өрт оқшауланды.

Табиғаттың теңдессіз жауһары бір апаттан аман қалды. Шығыстағы көрікті мекен — Қатонқарағай ұлттық паркінде тұтанған алапат өрт, абырой болғанда, ауыздықталды. Қызыл жалын Ақсу орманшылығы аумағынан лап беріп, 1400 метр биіктегі бұталар мен жел құлатқан ағаштарды жайпап өткен. Экология және табиғи ресурстар министрлігінің хабарлауынша, тік жартастар мен кірме жолдардың жоқтығы тілсіз жаумен күресті барынша қиындатқан. Соған қарамастан, 3 мың 700 гектар аумақты шарпыған өрт түгел оқшауланды.

ҚР ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРЛІГІ:

Өрт ошақтарына су төгу құрылғысымен жабдықталған тікұшақ 14 мәрте ұшып, жалпы көлемі 27 мың литр су төкті. Сонымен қатар өрт аумағына тікұшақтар арқылы жалпы сыйымдылығы 8 тонна болатын су сақтайтын ыдыстар жеткізілді. Бұл табиғи су көздері жоқ аймақта жерүсті күштерінің үздіксіз жұмыс істеуіне мүмкіндік берген.

← Барлық жаңалықтар