Солтүстікте көрген жанның жүрегін солқ еткізетін сұмдық жол апаты болды. Қос көліктің қатты соғылғаны сонша, қозғалтқышы қақ бөлініп, жолдың жиегіне ұшып кетіпті. Апат салдарынан темір тұлпарлардың сау-тамтығы қалмаған. Бірақ Estima-ның ішінде ес жимай, Mazda-ға мініп марқұм бола жаздағандардың көрер жарығы бар екен. Олардағы жеті адамның барлығы дін аман. Қазір ауруханаға жеткізіліпті. Полицейлер Астраханка ауылының маңындағы жол апаты кімнің кінәсінен болғанын анықтап жатыр.
Жеті адам аман қалды
Астраханка ауылының маңындағы жол апатынан жеті адам аман қалып, ауруханаға жеткізілді.
Бөлісу:
← Барлық жаңалықтар