Мазмұнға өту
· 14 қаралым

Газ баллоны жарылып, төрт адам жарақат алды

Астанада газ баллоны жарылып, төрт адам жарақат алды. Оқыс оқиға қаладағы тандырханалардың бірінде болған. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, самса пісіретін дәмханада 50 литрлік баллон атылып, салдарынан ғимараттың төбе жабыны мен кіреберісі қирап қалған.

АСЛАН ТІЛЕУБАЕВ, БАЙҚОҢЫР АУДАНЫ ТЖБ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Бүгін таңертең 101 арнасына Шара Жиенқұлова көшесіндегі дәмханада жарылыс болғаны жайлы ақпарат түсті. Төтенше жағдай қызметкерлері оқыс оқиғаның зардаптарын жоюға кірісті. Сонымен қатар төрт адамның зардап шеккені анықталды. Олар дереу ауруханаға жеткізілді.

Денсаулық сақтау басқармасы жарақат алғандарға тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатқанын хабарлады. Ал оқиға орнында құтқарушылар әлі де жұмыс істеп жатыр. Апаттың неден болғаны анықталуда.

← Барлық жаңалықтар