Конституция – азаматтық қоғамның құқықтық тұғыры. Қызылордада «Достық үйінде» азаматтық форум өтті. Жиынға облыс әкімі, зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері мен қоғам белсенділері қатысты. Олар жаңа Ата Заң аясында азаматтық қоғам институттарының әлеуетін күшейту, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенім мен сындарлы әріптестікті нығайту, сондай-ақ қоғамдық диалог мәдениетін дамыту мәселелерін кеңінен талқылады.
МҰРАТ ЕРГЕШБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:
Жаңа Ата заңымызда адам құқықтары мен бостандықтарын жан-жақты қорғауды күшейту, заң үстемдігін мүлтіксіз қамтамасыз ету, мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыру және «Әділетті Қазақстан» қағидаттарына негізделген қоғам құру басымдықтарын айқындау ретінде айқындалды.
Отырыс соңында өңірдің қоғамдық дамуына елеулі үлес қосып жүрген белсенді азаматтар марапатталды. Оларға Конституцияның жаңа нұсқасы мен алғыс хаттар салтанатты түрде табысталды.