Алматыдағы өрт кезінде құтқарушылар жүздеген жаңа электрсамокаттың жанып кетуіне жол бермеді. Литий-ионды батареялар мен қос доңғалақты көлік сақталған қоймадан тұтанған жалын мамандарды аяқтарынан тік тұрғызған. Өрт сөндірушілер Васнецов көшесінде орналасқан қоймаға алаөкпе болып жеткен кезде тілсіз жау енді-енді күш алып жатқан екен. Оның жақын маңда тұрған тауарларды шарпу қаупі жоғары болған. Дегенмен құтқарушылар ширақ қимылдап, бұған жол бермеді. Қазір өрттің қалай тұтанғаны анықталып жатыр.
ҒАЛЫМЖАН ЕСПОЛОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТЖД ӨРТ СӨНДІРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕДЕЛ КЕЗЕКШІСІ:
Өрт 2 сағат 15 минутта сөндірілді, құрбан болғандар мен жарақат алғандар жоқ. Шұғыл қабылданған шаралардың арқасында 100-ден астам литий-ионды батареялар мен 300 жаңа самокаттың жойылуына жол берілмеді.