Мазмұнға өту
· 25 қаралым

Қайтарылған активтер ел игілігіне жұмсалуда

Ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кеткен байлық. Жемқорлардан қайтарылған активтер ел игілігі үшін жұмсалып жатыр. Мәселен, қазынаға түскен қаржының 2 млрд теңгеге жуығына Арқалықтағы Ыбырай Алтынсарин атындағы педагогикалық университет жөндеуден өтті. Реконструкция нәтижесінде шамамен 2 жарым мың студенттің заманауи білім алуына және профессор-оқытушылардың алаңсыз сабақ беруіне қолайлы жағдай жасалды. Бұл жұмыс жалғасады. Алдағы уақытта қаладағы әуежай, аурухана мен студенттер жатақханасы жөнделмек.

← Барлық жаңалықтар