Мазмұнға өту
· 24 қаралым

Ел-жұрт қыста тоңбайды, жазда сусыз қалмайды

Енді ел-жұрт қыста тоңбайды, жазда сусыз қалмайды. Үкімет тозығы жеткен коммуналдық желілерді жаппай жөндейтін болды. Бұл мақсатқа 13 трлн теңге бағытталмақ. Дәлірек айтқанда, елімізде жылу, электр, сумен жабдықтау және су бұру желілерін қалпына келтіру үшін «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы қабылданды. Оның аясында барлық аймақтардағы жабдықтар мен инженерлік желілердің тозу деңгейін 40%-ға дейін төмендету, апаттық деңгейді 20%-ға қысқарту көзделіп отыр.

ҚР ҮКІМЕТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Коммуналдық секторды жаңғырту аясында 86 мың шақырым инженерлік желіні жаңартуға 6,8 трлн теңге бағыттау жоспарланып отыр. Оның ішінде: 77,6 мың шақырым электр желісі; 4,7 мың шақырым сумен жабдықтау желісі; 2,6 мың шақырым су бұру желісі; 1,6 мың шақырым жылу желісі. 2025 жылы Ұлттық жобаны жүзеге асыру аясында активтерінің тозу деңгейі жоғары 17 пилоттық жобаға шамамен 31,7 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінді.

← Барлық жаңалықтар