Мазмұнға өту
· 24 қаралым

Бойжеткен жартастан құлап кетті

Алматы тауларында тағы да оқыс оқиға. Букреев шыңына шыққан бойжеткен жардан құлап кетіп, басынан ауыр жарақат алды. Жүріп-тұрмақ түгілі, өздігінен қозғала алмаған оған құтқарушылар көмектесті. Олар жеткенше жанындағылар қамқорлық жасаған. Ал тікұшақпен келген мамандар 3 мың метр биіктен зардап шегушіні «Медеу» алаңына аман-есен алып түсіп, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлеріне тапсырды. Оған қазір қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Құтқарушылар тауға шыққанда аса сақ болу керектігін тағы бір мәрте ескертіп қойды.

← Барлық жаңалықтар