Енді дәрігерлер өңірлердің сұранысына қарай даярланады.
Қазіргідей «орташа республикалық көрсеткішпен» есептелмейді. Яғни, медициналық жоғары оқу орындарындағы квота саны қай аймақта ақ халаттылардың жетіспейтінін және қандай мамандардың қажет екенін ескере отырып түзіледі. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, кадрлардың тең бөлінбеуі саланың басты түйткіліне айналған. Кейбір жерлерде мамандар тапшылығы сезілсе, басқаларында жүктеме өзгеше бөлінген. «Жаңа жүйе медицина қызметкерлері тапшы аймақтарда дәрігерлік көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді», — дейді жауаптылар.