Жазым деген аяқ астынан. Жылдар бойы табиғаттың талай құбылысына төтеп беріп, қасқайып тұрған алып ағашты жел құлатып, тас жолда келе жатқан жеңіл көлікті басып қалды. Ағаштың астында қалған жапониялық көлікте 5 адам болған. Қатты соққыдан жүргізуші жарақат алып, Ескелді ауданының ауруханасына шұғыл жеткізіліпті. Жағдайы тұрақты дейді. Қалған жолаушыларға ештеңе болмапты.
НАЗЕРКЕ СМАҒҰЛОВА, ЖЕТІСУ ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері Полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп ағашты кесіп, жолды тазартты. Жүргізушілерге қатты жел кезінде аса мұқият болып, қауіпсіз жылдамдықпен жүруге кеңес береміз.