Мазмұнға өту
· 7 қаралым

Алакөлге миллиардтаған қаржы бөлінді

Үкімет Алакөлдің Жетісу облысындағы жағалауына бөгет орнату үшін 3 млрд теңге бөлді. Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Бұл қаражат ұзындығы 6 шақырымдық дамбаны салуға керек. Оның екі жарым шақырымы Көктұма, үш жарым километрі Ақши ауылына тиесілі. Мамандардың айтуынша, жаңа бөгет салынғаннан кейін жағалау шайылмайды, көлдегі шөгінділер табиғи жолмен тасымалданады әрі өздігінен қайта бөліну жүйесі сақталады. Жағалауды қыздың жиған жүгіндей қылу демалушылар мен жергілікті тұрғындардың алаңсыз тынығуына жақсы.

ЖАНДОС СӘЛІМОВ, ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Жалпы жоба аясында Алакөл көлінің жағалауы бойында ұзындығы 14 шақырым болатын қорғаныс бөгетін салу көзделген. Құрылыс жұмыстары 2025 жылы басталды. Осы мақсатта республикалық бюджеттен 1,5 млрд теңге бөлініп, толық игерілді. Жер және бетон жұмыстары жасалды. Сонымен қатар габиондық конструкциялар орнатылды.

← Барлық жаңалықтар