Мазмұнға өту
· 9 қаралым

Тұрғын үй қымбаттай ма?

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев саладағы өзгеріс тұрғын үй нарығына әсер етпегенін айтты.

Зейнетақы жинағының жеткіліктілік шегі көтерілді. Енді баспана бағасы аспандап кететін шығар деп уайымдап, қалтаңызды бағып отырсыз ба?

Саладағы өзгеріс тұрғын үй нарығына әсер етпеді. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев осылай деп жұртты жұбатып қойды. Атқамінердің айтуынша, жылжымайтын мүлік бағасы мемлекеттің араласуынсыз, сұраныс пен ұсынысқа байланысты қалыптасады. Қазір оның қымбаттауына негіз болатын еш себеп жоқ.

ЕРСАЙЫН НАҒАСПАЕВ, ҚР ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МИНИСТРІ:

Елімізде коммерциялық тұрғын үйдің бір шаршы метрінің орташа құны — шамамен 617 мың теңге. Әлеуметтік тұрғын үй бағасына келсек, мемлекеттің ұстанымы айқын. Біз бағаны бақылауда ұстаймыз, ол қымбаттамайды. Жалпы жылдың алғашқы айларында тұрғын үй нарығындағы белсенділіктің төмендегенін байқасақ, жаз мезгілінде, әдетте, тұрғын үйге сұраныс артады.

Бердібек Қарынбай

← Барлық жаңалықтар