Еліміздегі әскери оқу орнына түскісі келетіндерге ақжолтай хабар.
Қорғаныс министрлігі құжаттарды рәсімдеу мерзімін төрт айдан бір айға дейін қысқартты. Ол үшін өтінішті eGov порталында берсе болады. Талапкерлер 9 әскери оқу орнының көңілі қалағанына бағын сынай алады. Ол жерде сержанттық құрамнан бастап, офицер, әскери ұшқыш мамандарын даярлайтын институттар бар. Бір орынға 2-3 үміткерден келеді.
МҰРАТ ОЛЖАБАЕВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ ДЕПАРТАМЕНТ БАСТЫҒЫ:
Мемлекеттік ақпараттық жүйелер бізге ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесін алуға, арнайы және медициналық тексеру нәтижесін автоматтандыруға мүмкіндік берді. Соның арқасында құжаттарды рәсімдеу 120 күннен 30 күнге дейін қысқарды. Әрі барлық талапкерлер үшін ашық, қолжетімді жүйе ұсынылды.
Одан бөлек, министрлік өзге жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып, әскери журналистика мен киберқауіпсіздік мамандығын қоса игеріп шығатын бағдарламаны енгізіп отыр. Түлектер офицерлік шенмен қоса екі бірдей диплом алып шығады.
Ақбаян Сұлтанмұрат