Соңғы кездері ел тұрғындары сапарға жиі шығатын болыпты.
Әсіресе, машинамен алыс жолға аттанатындар көбейген. Теміржол да жолаушыларын жоғалтпай, миллиондаған адамды діттеген жеріне жеткізіпті. Ұшаққа да сұраныс жақсы. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биылдың өзінде 7 миллионнан астам адам әуе көлігімен сапарлаған. Қостанай, Алматы, Ақмола және Шымкентте арлы-берлі жүретіндер көп екен.
Қуат Құдайберген