Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 16 қаралым

Елімізде жүргізушілер көбейіп келеді

Елімізде көлік басқаратындар көбейіп келеді.

Тек осы жылдың алғашқы алты айында қазақстандықтарға 337 мыңнан астам жүргізуші куәлігі берілді. Көрсеткіш емтиханды алғаш рет сәтті тапсырғандар мен мерзімі біткен құжаттарын ауыстырғандардың есебінен де толығыпты. Жүргізуші куәлігі ең көп рәсімделген өңір – Алматы қаласы. Одан кейінгі орындарда Шымкент, Түркістан облысы, Астана және Қарағанды облысы тұр. Айта кетсек, биыл жүргізуші куәлігін алу жүйесі жетілдірілді. Бұрынғыдай емес, азаматтар енді оны тез әрі өте ыңғайлы жағдайда алады.

← Барлық жаңалықтар