Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 12 қаралым

Көлікпен дүкенге кіріп кетті

Астанада жеңіл көлік тұрғын үйдің бірінші қабатындағы дүкенге кіріп кетіп, бәрін тас талқан етті. Соның салдарынан көкөніс сататын павильондағы 15 жастағы қыздың бет-ауызы қан-қан болып, түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Қазір оған қажетті барлық ем-дом көрсетіліп жатыр. Сұмдық жағдай кеше кешкісін күн жарықта оң жағалауда болған. Ал темір тұлпар тізгініндегі 18 жастағы жігіт рөлге ие бола алмай қалғанын айтып ақталыпты. Полицейлер тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде.

← Барлық жаңалықтар