Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 7 қаралым

Алимент төлеу тәртібі өзгереді

25 тамыздан бастап алимент төлеу ережесі өзгереді.

Кәмелетке толмаған балаларға және кәмелет жасынан асқан, бірақ мүмкіндігі шектеулі жандарға, еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж ата-аналарға берілетін төлем енді тек арнайы банк шотына аударылады. Ол үшін қаражатты өндіріп алушы тұлға сот орындаушысына барып, тиісті деректерді беруі тиіс. Әділет министрлігінің хабарлауынша, бұл заңды түрде қорғалған қаражат болғандықтан, арнайы шотты ешкім бұғаттай алмайды. Осылайша, мемлекет ақшаның нақты иесіне жетуіне кепілдік береді.

Маржан Нүсіпбек

← Барлық жаңалықтар