Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 15 қаралым

Қазақстандықтардың банктерге берешегі қанша?

Қазақстандықтардың банктер алдындағы жалпы қарызы 25 триллион теңгеден асты.

Бұл соманың үштен екісіне жуығы – тұтынушылық несие. Осы орайда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі азаматтарға – кредит алғандардың көңілін қимай, айтқанына көнетін қосалқы қарыз алушыларға – ескерту жасады. Ведомство былай дейді: біреудің қарызына кепіл болу банк алдында негізгі несие алушымен бірдей жауапкершілік жүктейді. Егер кредит төленбесе, банктер берешекті дәл сол адамнан өндіріп алуы мүмкін. Шоттарындағы ақшаны ұстап қалып, мүлкін бұғаттап, сотқа жүгіне алады. Сондықтан қосалқы қарыз алушы болуға келіспес бұрын жеті өлшеп, бір кескен жөн. Шарттарды мұқият оқып, қаржылық мүмкіндігіңізді саралаңыз.

Қуат Құдайберген

← Барлық жаңалықтар