Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 7 қаралым

Криптовалютамен заңсыз сауда жасаған тұрғын сотталды

Криптовалютамен заңсыз сауда жасаған қостанайлық тұрғын сотталды. Бас прокуратураның мәліметінше, 28 жастағы азамат төрт жыл бойы БИНАНС платформасын пайдаланып, рұқсатсыз цифрлық активтерді алып-сатумен айналысқан. Сөйтіп, 2 миллиард теңгеде табыс тапқан. Ал қалтасын қалай қампитқанын жасыру үшін қаржыны екінші деңгейлі банктердің депозиттеріне салыпты. Бірақ мың жерден «ақылды» болғанымен, құзырлы органдардың құрығынан құтыла алмады. Сот оны заңды белшеден басқаны үшін 2 жылға соттап, 7 жыл бойы цифрлық майнингке байланысты қызметпен айналысу құқынан айырды. Ал мемлекет пайдасына 2 миллиардқа жуық қаражат, екі автокөлік пен бірнеше цифрлық актив тәркіленді.

← Барлық жаңалықтар