Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 5 қаралым

Қоқыс жәшігінен әйелдің бөлшектенген денесі табылды

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйелдің бөлшектенген денесі табылды. Әлеуметтік желіде тараған видеода келіншектің дене мүшелерінің бірнеше пакетке салынғаны айтылуда. Ал оны сол маңдағы тұрғындар байқап қалып, полицияға хабар берген көрінеді. Оқиға орнына барған тәртіп сақшылары дереу тергеу шараларын жүргізіп, күдіктіні анықтап, ұстапты. Алайда бұл қылмысты кімнің жасағаны және не үшін мұндай сұмдыққа барғаны әзірге айтылмай отыр.

АСЫЛБЕК ҚАЙРУЛЛАЕВ, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Павлодар облысында адам өлтіру фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталатын болады.

← Барлық жаңалықтар