Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 5 қаралым

ІІМ жасөспірімдерге ескерту жасады

Цифрлық кеңістікте қорғана біл! Ішкі істер министрлігі жасөспірімдерді әлеуметтік желілерде аса сақ болуға шақырды. Ведомство интернетте үйдің мекен-жайын, телефон нөмірін, мектеп атауын немесе сабақ кестесін жарияламауға кеңес берді. Себебі жеке деректерді киберқылмыскерлер теріс мақсатта пайдалануы мүмкін. Сондай-ақ бейтаныс аккаунттармен хат алмасудан аулақ болып, күмәнді қолданушыларды бірден бұғаттау қажет. Министрлік мұндай жағдайда міндетті түрде ата-анаға немесе сенімді ересек адамға хабарласуды ескертті.

← Барлық жаңалықтар