Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 3 қаралым

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға құқықтық көмек көрсетілді

Қостанай облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсететін «Мүмкіндік» акциясы өтті.

Шараға прокуратура мен мемлекеттік органдардың өкілдері, жұмыс берушілер мен оқу орталықтарының мамандары қатысты. Олар тұрғындарға жұмысқа орналасу жайлы, кәсіптік білім алу мен өз құқықтарын қорғау жөнінде кеңес берді.

БАУЫРЖАН БЕКБОСЫНОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жан-жақты көмек көрсету. Оның ішінде әлеуметтік, құқықтық және тұрмыстық түрлі сұрақтар бойынша туындаған сауалдарға жауап беру. Екі шараның ішінде бізге 800-ден аса адам келіп, өздерінің шағымдарын білдірді. Сол арыздарды қарау нәтижесінде 50-ден астам адам қазіргі күні жұмыс орнын тауып, өздерінің күнделікті нәпақасын алып отыр.

Акция аясында «АМАН АЙДИ» деген цифрлық сервис таныстырылды. Мұның көп артықшылығы бар. Мәселен, QR-кодтың немесе арнайы білезіктің көмегімен төтенше жағдайлар қызметінің мамандары адамның жеке басын анықтап, оның денсаулығы туралы қажетті ақпаратты алып, жақындарына жедел хабар бере алады.

Рамазан Палмағанбет

← Барлық жаңалықтар