Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 4 қаралым

Алматы – әлемдегі ең үздік студенттік қалалардың қатарында

Алматы – әлемдегі ең үздік студенттік қалалардың қатарында!

Оңтүстік астана беделді «QS Best Student Cities 2027» атты жаһандық рейтингте бірден 13 саты жоғарылап, 78-ші орынға тұрақтады. Еліміздегі ешбір шаһар бұрын-соңды мұндай нәтижеге ие болған емес. Осылайша, біздің мегаполис Вашингтон, Дубай, Анкара, Тбилиси және Бішкек секілді ірі қалаларды басып озды. Сарапшылардың бағалауынша, университеттер жүйесінің сапасы мен әлеуеті бойынша Алматы 50-ші, ал білім алу мен өмір сүрудің қолжетімділігі бойынша 24-орынға ие болды. Айта кетерлігі, осы критерий бойынша Астана жаһандық рейтингте тоғызыншы орында тұр. Мамандардың пікірінше, бұл нәтижелер Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінің халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеті артып келе жатқанын көрсетеді.

Ұлан Тәліпбай

← Барлық жаңалықтар