Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 5 қаралым

Ұлттық ұлан сарбаздары жоғалған үш жасар баланы тапты

Ұлттық ұлан сарбаздары елордада жоғалған үш жасар баланы ата-анасымен қауыштырды.

Қоғамдық қауіпсіздікті қадағалап жүрген әскери қызметшілер көшеде жалғыз жүрген бүлдіршінді байқап қалыпты. Қасында ешкім болмаған. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде баланың жақындары табылған. Кішкентайдың жақындары ұландықтарға қырағылығы үшін алғыс айтты.

Рамазан Палмағанбет

← Барлық жаңалықтар