Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 15 қаралым

Алаяқтың жаңа түрі шықты

Алаяқтардан қулық артылмауда. Енді олар аңқау жұртты құрығына түсіру үшін коммуналдық қызметкерлердің атын жамылып, қоңырау шалатын болған. Салған жерден «жылу есептегішті тексереміз, қарызыңыздың бар-жоғын білуіміз қажет, құжаттары жаңарту керек, жеңілдік рәсімдейміз» деп бастырмалатады екен. Сөйтіп, түрлі желеумен азаматтардың банк шоты мен жеке деректерін уыстарына түсіруге тырысады. Күмәнді сейілту үшін телефонға келген СМС-кодты сұрайды. Алда-жалда айтып қойсаңыз, біттім дей беріңіз: қаскөйлер бар-жиғаныңызды сыпырып алып, тіпті қарызға батырып кетуі мүмкін. Сондықтан Ішкі істер министрлігі әр қоңырауға мұқият қарауға, түсініксіз сілтемелерге өтпеуге шақырады.

← Барлық жаңалықтар