Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 15 қаралым

Жол апаты 3 адамның өмірін қиды

Жетісу облысындағы жол апаты үш адамның өмірін қиып кетті. Ал түрлі жарақат алған алты кісі ауруханаға жеткізілген. Полиция Алакөл ауданының аумағында болған қайғылы оқиғаның жай-жапсарын айтып берді. Кәрістің кроссоверін тізгіндеген жүргізуші рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, екі бірдей жапондық көлікпен соқтығысқан. Салдарынан жол ережесін бұзған тізгінші мен оның екі жолаушысы сол жерде тіл тартпай кетіпті. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Тәртіп сақшылары жүргізушілерге «тек жүрген тоқ жүретінін» ескертеді.

← Барлық жаңалықтар