Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 6 қаралым

Медициналық кітапша енді eGov Mobile мен Halyk-та қолжетімді

Қағаздан цифрлық жүйеге. Енді медициналық кітапшаны өзіңізбен бірге алып жүрудің қажеті жоқ, өйткені оның электронды нұсқасы eGov Mobile мен Halyk қосымшаларында қолжетімді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, балабақша, мектеп, қоғамдық тамақтану сияқты жерлерде жұмыс істейтін қызметкерлердің денсаулығы туралы ақпараттың барлығы электронды жүйеде сақталады. Яғни кез келген уақытта цифрлық базадан кітапшаны ашып қарауға болады. Осылайша қағазбастылықтан құтылып, жұмыс жеңілдеген.

← Барлық жаңалықтар