Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 9 қаралым

Абылай Мырзахметов абақтыдан шықты

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметов абақтыдан шықты. Шенеунік екі жыл бұрын аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін сотталған болатын. Павлодар облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, ол түрмеде тәртіпті болғандықтан, мерзімінен бұрын бостандыққа шығарылған. Ал сот Мырзахметовты босату туралы шешімді биыл ақпан айында қабылдаған екен. Енді ол жазасының өтелмеген бөлігінде, яғни бір жылдан сәл асатын уақыт ішінде тұрғылықты жері бойынша пробациялық бақылауда болады. Оған мекенжайын ауыстыруға, пробация қызметіне ескертпей облыс аумағынан шығуға және көңіл көтеру орындарына баруға тыйым салынады. Айта кетейік, Абылай Мырзахметов 2024 жылғы мамырда 5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

← Барлық жаңалықтар