Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 73 қаралым

КТ мен МРТ нәтижесін қашықтан оқуға болады

Шалғайдағы тұрғындардың қамы.

Енді компьютерлік томография, магниттік-резонанстық томография сынды медициналық талдау нәтижелерін дәрігерлер қашықтан оқи алады. Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының мәліметінше, бұл алыстағы ағайынға уақытылы емделіп, қорытындысын ертерек білуге жол ашады екен. Әрі диагностика қолжетімді бола түседі, рентгенолог тапшылығын азайтуға да септігі тимек. Ол үшін жаңа цифрлық шешімдер енгізіліп, телемедициналық платформалар қолданыстағы жүйелермен біріктірілмек. Сондай-ақ бір орталықтан жұмыс істейтін телерадиологияны дамыту жоспарланған.

← Барлық жаңалықтар