Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 31 қаралым

Ауладағы автотұрақты иемденуге тыйым салынды

Енді үй ауласындағы тұрақты рұқсатсыз қоршап, шынжырмен жауып қоюға болмайды.

Елімізде ортақ пайдаланудағы автотұрақтарды өз бетінше иемденуге тыйым салынды. Жаңа ережеге сәйкес, ауладағы көлік тұрағына бағана орнатып, блокиратор қойған тұрғындарға 324 мың теңгеден астам айыппұл салынуы мүмкін. Мұндай жағдайда көршілер қоршауды өздері бұзбауы керек. Арнайы қызметтерге немесе e-Өтініш жүйесі арқылы шағым түсіруге болады. Егер заң бұзушылық расталса, оны жасаған адам қоршауды алып тастауға міндеттеледі. Алайда пәтермен бірге заңды түрде сатып алынған жеке тұрақ орындарына мұндай талап жоқ.

← Барлық жаңалықтар