Павлодарда бесікарбамен келе жатқан әйелге мұз лақтырып, басын жарған жан анықталды. Ол сол маңдағы үйде тұратын 12 жастағы қыз болып шықты. Бұл оқиға туралы кеше ғана айтқан едік. Тәртіп сақшылары жедел қимылдап, кінәліні бір тәулікте-ақ анықтапты. Оқиға былай болған. Жеткіншек балконда тұрып, үлкен мұзды сындырмақ болғанда ол қолынан сырғып кетіп, қас қылғанда тура келіншектің басына тиіпті. Жеткіншек қорыққаннан бұл жайында ешкімге тіс жармаған. Полицейлер бала тәрбиесіне салғырт қарадыңдар деп, оның ата-анасын әкімшілік жауапкершілікке тартқан.