Енді кадр тапшылығы бар өңірлерге көшіп барған мамандарға баспана алуға 7 млн теңгеден беріледі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бағдарлама аясында қоныс аударған мамандар сол жерден тұрғын үй сатып ала алады. Сондай-ақ олардың көшу шығындары мен пәтерді жалдау мен коммуналдық қызмет ақысы мемлекет есебінен өтеледі. Айта кету керек, биылдан бастап бұл жобаға жұмыссыз азаматтардан бөлек, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар және фермерлік қожалықтардың басшылары да қатыса алады. Толық ақпаратты экранда көрсетілген сайттан қарауға болады.