Астананың халықаралық әуежайы монополияға қарсы заңды өрескел бұзған.
Бәсекелестікті қорғау агенттігінің мәліметінше, әуежай нарықтағы монополиялық жағдайын пайдаланып, қонышынан басыпты. Көзді бақырайтып қойып, авиациялық отын жеткізушілерінен қосымша алым алып отырған. Ал кіріптар компаниялардың айтқанға көнуден басқа амалдары болмаған екен. Мәселен, алым көлемі бірнеше рет өсіп, 16 мың теңгеден 77 мың теңгеге дейін жетіпті. Құзырлы агенттік мұндай әрекет авиациялық отынның қымбаттауына әсер етуі мүмкін дейді. Енді әуежайға заң аясында шара қолданылады.
Рамазан Палмағанбет