Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ

Қарияны алаяқтардан құтқарған курьер марапатталды

Алматыда зейнеткерді алаяқтардың арбауынан құтқарған курьер марапатталды.

Қылмыстың алдын алуға көмектескен Нартай Есімхановқа қаланың бас полицейі алғыс айтты.

АЙДЫН ҚАБДУЛДИНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Полиция ғана қылмыспен күреспей, бүкіл қоғам болып күрессек, барлық қылмыстың алдын аламыз, қылмыстарды болдырмаймыз. Сол қылмыстарды жеңеміз деген ойымыз бар. Сондықтан сізге көп-көп рақмет. Осындай алаяқтардың қылмыстарының алдын алдыңыз. Өмір бойы жинаған ақшасын қайтарып бердіңіз.

НАРТАЙ ЕСІМХАНОВ, КУРЬЕР:

Менің анам да телефонын қарайды ғой. Интернеттен көп видеоларды көремін. Үлкен кісілерді де алдайды. Адамгершілік танытып, ана әжеге көмектескім келді.

«Ақшаны беріңіз, оны декларациялау керек», – деген алаяқтар.

Оқиға 23 шілдеде болған еді. Кезекті тапсырыспен қарт кісінің үйіне келген курьер джинсы мен бірнеше жартылық салынған пакетті алған. Сол сәтте оның қобалжып тұрғанын байқап, ішінде не бар деп сұраған. Тұщымды жауап ала алмаған соң, полицияға хабар берген. Ал сақшылар зейнеткердің алаяқтардың шырмауына түскенін анықтапты. Қулар аңғал қарияға шетелдегі туысы ретінде қоңырау шалып, шұғыл көмек қажеттігін айтып, бар жиған ақшасын беруге көндірген екен.

Ұлан Тәліпбай

← Барлық жаңалықтар