Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 6 қаралым

Тұран жолбарыстары табиғи ортаға жіберіледі

Қазақстан аумағынан 70 жыл бұрын жойылып кеткен Тұран жолбарыстары алдағы айларда табиғи ортаға жіберіледі.

Айта кетейін, былтыр күзде Қазақстан мен Ресей президенттерінің кездесуі нәтижесінде Хабаровск өлкесінен төрт жолбарыс әкелінген еді. Бұл Орталық Азияда жыртқыштың популяциясын көбейту бағдарламасы аясында атқарылған шаруа. Бұл аңдар жарты жылдан астам уақыт «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватында болып, жаңа ортаға бейімделді. Осы уақыт ішінде өздігінен жемтігін аулап, азық табуды үйренген. Алдымен екі ересегі еркіндікке жіберіледі. Жақын маңдағы ауылдарға қауіп төндірмес үшін олардың мойындарына арнайы GPS-қарғыбау тағылады.

Гүлмира Сайлаубекова

← Барлық жаңалықтар