Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 9 қаралым

1200 адамға жұмыс беріледі

Балқаш қаласында жаңа өндіріс ошағы бой көтеріп, 1200 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Президент тапсырмасымен шаһарда мыс қорыту зауыты салынады. Кәсіпорынның іргетасы келер жылы қалана бастайды. Ал 2030 жылы толық қуатта іске қосылмақ. Зауыт жылына 300 мың тонна катодты мыс, 10 тонна алтын, 300 тонна күміс және 1,5 млн тоннадан астам күкірт қышқылын өндіруге қауқарлы. Оның құрылысына жеке инвестициялар есебінен 750 млрд теңге тартылыпты.

АЗАМАТ ПАНБАЕВ, ҚР ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МИНИСТРЛІГІ ӨНЕРКӘСІП КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бұл талаптар тұрақты жаңа 1 200 жұмыс орнын құруға ғана емес, одан бөлек, әлеуметтік нысандарға қаражат бөлуге, жаңа заманауи технологияларды енгізуге, студенттердің Қарағанды облысында білім алуына жағдай жасауға және де кәсіподақтарға жыл сайын қаражат бөлуге бағытталған. Жалпы жобаны іске қосу Қазақстандағы мыс өндірісін бір жарым есеге ұлғайтып, 800 мың тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

← Барлық жаңалықтар