Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 1 қаралым

Алматылықтар, сүйінші!

Көлік қоятын жер таппай, сенделіп жүретін алматылықтар үшін сүйінші жаңалық. Қала тұрғындары енді үйіне жақын маңдағы коммуналдық автотұраққа бір темір тұлпарын тегін қоя алады. Ондай орын тұрғылықты жерден 500 метр радиуста болса жетіп жатыр. Алайда нақты тұрақ орны бекітілмейді, қайсысы бос болса, соған тоқтайсыз. Бұдан бөлек, жолаушыны отырғызу немесе түсіру үшін бастапқы 5 минут, ал автотұрақтан шығуға 10 минут тегін уақыт беріледі. Ардагерлер, мүгедектігі бар азаматтар, көпбалалы аналар, электромобиль иелері мен жедел қызмет көліктері онсыз да автотұрақ ақысынан толық босатылған.

← Барлық жаңалықтар