Астанадан Семейге ұшатын жаңа рейс ашылады.
Бұл жөнінде VietJet Qazaqstan әуе компаниясы хабарлады. Ұшақтар 3 тамыздан бастап аптасына төрт рет: дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері ұшатын болады. Сондай-ақ аталмыш компания жазғы маусымға байланысты елордадан Ақтөбе мен Жезқазғанға да қосымша бағыттарды іске қосыпты. Бұл лайнерлер Ұлытау өңіріне тамыздың 1-і мен 31-і, ал батыстағы шаһарға 3-і мен 8-і аралығында қатынайды.
Маржан Нүсіпбек