Үй алғысы келетін әйелдерге жағымды жаңалық.
Тамыздан бастап «Ұмай» ипотекалық бағдарламасы қайта іске қосылады. Берілетін несиенің ең жоғары сомасы – 50 миллион теңге. Қатысу үшін отбасының айлық табысы 1 миллион 250 мың теңгеден аспауы керек. Сондай-ақ өтініш беруші төлем қабілетін растауға міндетті. Алғашқы жарна ірі қалаларда 20, ал өңірлерде 15 пайыздан басталады. Оны төлеуге зейнетақы жинағын пайдалануға болады. Бағдарлама бойынша жаңа және 2016 жылдан кейін салынған үйлерден пәтер алуға мүмкіндік бар. Ал қажет болса, үйді жөндеуге 15 миллион теңгеге дейін кредит беріледі.
Рамазан Палмағанбет