Алматыда электрсамокаттарды орналастырудың бірыңғай ережесі енгізіледі.
Жаңа тәртіпке сәйкес, енді оларға арналған арнайы тұрақтар пайда болады. Жалға беретін компаниялар бос көліктерін тек сол жерлерге қояды, ал тұрғындар бұл орындарды тегін пайдалана алады. Сондай-ақ жаңа құжатта көліктерді эвакуациялау, айып тұрағында сақтау және аулаларға шлагбаум орнату талаптары нақтыланған. Осы тұста айта кетерлігі – жедел жәрдем, өрт сөндіру және өзге де арнайы қызметтік көліктердің кедергісіз жүріп-тұруы міндетті түрде қамтамасыз етілуі тиіс. Әкімдіктегілер бұл өзгерістер жол қозғалысын реттеп, қаладағы тәртіпті жақсартуға мүмкіндік береді дейді.
Ұлан Тәліпбай